Жаңалықтар

Жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізіледі

Жолдардың сапасына қатысты әкімдіктер рейтингінің әдістемесі бекітіледі
Жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізіледі
Фото: den-der.kz 12.07.2022 10:43 1761

Жолдардың сапасы бойынша әкімдіктер рейтингінің әдістемесі биылғы жылдың соңына дейін бекітілмек, деп хабарлайды El.kz ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік саласына қатысты жаңа заң жобасы даярланды. Ол «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК арқылы елді мекендердегі жол жөндеу жұмыстарына міндетті сараптама жүргізуді қарастырады. Ұлттық сапа орталығы сараптама барысында жөндеу жұмыстарының тиісті нормаларға сәйкестігіне байланысты қорытынды шығарады. 

Осы орайда атап өткен жөн, бүгінде жолды пайдалануға бергеннен кейін техникалық қадағалау мен жобаны жүзеге асырған мекемелер жөндеу жұмыстары барысындағы қате шешімдер мен ақаулар үшін жауапкершілікке тартылмайды. Осы олқылықтың алдын алу мақсатындағы заң жобасы қазіргі күнде Парламент Мәжілісінің қарауында.

Сондай-ақ министрлік автомобиль жолдары саласындағы 1200-ге жуық нормативтік-құқықтық актілердің маңызын арттыруды қолға алуда. Олар мекеменің атқаратын жұмысын реттеп, бақылау сапасын күшейтеді. Аталған құжаттарға жол жөндеу жұмыстарына халықаралық тәжірибе мен технологияларды және заманауи материалдарды қолдану сынды бірқатар өзгерістер енгізу қарастырылуда.

Қосымша ынталандыру шарасы ретінде ҚР ИИДМ жолдардың сапасына байланысты әкімдердің рейтингін анықтау әдістемесін даярлауда. Ол 2022 жылдың аяғына дейін бекітілмек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға