Жаңалықтар

Жол қозғалыс ережесіне арналған сұрақ-жауап ойыны

31-мамыр күні Алматыдағы «Family» саябағында «Жол қозғалыс ережесіне арналған сұрақ-жауап ойынын» өткізіді.
02.06.2015 13:16 6675

ҚР Бас Прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, 2014 жыл мен 2015 жылдың бірінші жартысында Республика бойынша 24064 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан  33 639 адам түрлі жарақаттар алып,  соның ішінде көптеген жандар бақилық болған. Ал, Алматы қаласы жол-көлік оқиғалары бойынша елімізде көш басында тұр.

Жол қозғалыс ережесіне арналған  сұрақ-жауап ойыны

Осыған байланысты және 1-Маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай,  «Нұр Отан» партиясы  «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалы Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасымен бірлесе отырып 31-мамыр күні «Family» саябағында  «Жол қозғалыс ережесіне арналған сұрақ-жауап ойынын» өткізді.

 «Нұр Отан» партиясы  «Жас Отан» Жастар қанаты Алматы қалалық филиалының Төрағасы Халбеков Арман Бейсенбайұлы өз сөзінде: «Бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат, жыл сайын еліміздегі түрлі қайғылы жағдайлар мен апаттар жол ережесін бұзу мен жол ережесін білместіктен болып жатады, сол себептен біз, Алматылық жасотандықтар еліміздің келешегі кішкентай бүлдіршіндеріміз бен олардың ата-аналарына жол ережесін түсіндіру болып отыр» – деп атап өтті.

Шара барысында кішкентай балаларға жол ережелерінен сұрақтар қойылып, сұраққа дұрыс әрі нақты жауап берген бүлдіршіндеріміз бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар балалар өз өнерлерін де көрсетті. Бүлдіршіндердің ата-аналары да осы сынды шаралардың жиі өткізіліп тұруын қолдап, өз ұсыныстарын да ортаға салды.

Жол қозғалыс ережесіне арналған  сұрақ-жауап ойыны

Жол қозғалыс ережесіне арналған  сұрақ-жауап ойыны

Жол қозғалыс ережесіне арналған  сұрақ-жауап ойыны

Жол қозғалыс ережесіне арналған  сұрақ-жауап ойыны


«Нұр Отан» партиясы

«Жас Отан» ЖҚ

Алматы қалалық филиалы 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға