Жол жөнделіп жатыр: Елордада тағы 5 автобустың жүретін жолы өзгерді

Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ
29.06.2023 10:15
1212
Елордалық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің бағыты ауысқанын еске салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгіннен бастап жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №5А, 6, 16, 37, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді.
Өзгерген қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.
«Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз» деп ескертеді компаниядан.
Бөлісу:
