Жол ережесін бұзғандарға айыппұлдың жаңа түрлері пайда болады
Әділет министрлігі “Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жаңа заңға сәйкес жылдамдықты сағатына 40-тан 80 шақырымға дейін арттырған жүргізушілерге 20 АЕК (69 000 теңге) айыппұл қарастырылған. Егер жылдамдықты 80-нен артық асырса 60 АЕК (207 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Сондай-ақ 593-бапқа да өзгерістер енгізілді. Яғни, қауіпсіздік белдігін тақпағандар, мотошлемсіз жүргендер, жолаушыларды автокөлік кабинасынан тыс жерде тасымалдағандар 10 АЕК (34 500 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.
Сондай-ақ қарсы бетке шығып кеткендер үшін де жаза ауырлай түскен. Оларға жол ережесін бұзғаны үшін 30 АЕК (103 500 тенге) айыппұл қарастырылған.