Жаңалықтар

Жол апатынан қаза тапқан полицейлер «Айбын» орденімен марапатталады

Жол апатынан қаза тапқан полицейлер «Айбын» орденімен марапатталады
Фото: gov.kz 19.08.2024 10:09 803

Жамбыл облысында қызметтік міндетін атқару кезінде жантүршігерлік апаттан қаза тапқан полиция қызметкерлері Ғалым Арыстанбаев пен Абылайхан Әбішкен «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көңіл айту жеделхатын ішкі істер министрі Ержан Сәденов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жолдады.

Олар қаза болған қызметкерлердің отбасыларына қажет көмек көрсетілетініне сендірді.

Қаза болған қызметкерлерге «Айбын» ордені тапсырылады, – деп түсіндірді ішкі істер министрлігі.

Еске салайық, бұған дейін Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты.  Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның Skoda патрульдік көлігімен соқтығысқан. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға