Жол апатынан екі баласынан айырылған ана үндеу жасады

Жол апаты кезінде екі баласынан айырылған ана жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылғы 1 тамызда болған жол апатында Любовь Бородина есімді әйелдің ұлы мен қызы қаза тапты. Қос қанатынан көз жазып қалған ана жүргізушілерді өміріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Құрметті жүргізушілер, өмір бір-ақ рет беріледі. Асықпаңыздар, газды басқанша, тежегішті басқан дұрыс. Жақындарыңызды қайғыға салмаңыздар, – деді әйел.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» акциясы басталды. Оның аясында полицейлер үш эвакуатордан тұратын автокеруен ұйымдастырып, жол апаттарында зақымдалған көліктерді көрсетті.
Сондай-ақ акция аясында жол апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру шарасы ұйымдастырылмақ.
