Жоғары технологиялар отандық тауар өндірушілердің орнықтылығын анықтауға көмектеседі
Фото: Үкімет
Фото: Үкімет
24.12.2024 10:56
238
Жоғары технологиялар отандық тауар өндірушілердің орнықтылығын анықтауға көмектеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Отандық тауар өндірушілердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру кезінде деректерді цифрлық тексеру құралын енгізуге ниетті. Кәсіпорынның тұрақтылығын бағалау аясында аталған тетік машиналық оқыту технологияларын қолдана отырып, ОТӨ ақпаратын талдауға мүмкіндік береді. Ол өтініш беруші мен мемлекеттік ақпараттық жүйелер ұсынған деректердің үлкен көлемін зерттей алады.
Бұл әртүрлі шарттар бойынша мәліметтер, теңгерімдік тізімдеме, өндірістік және технологиялық операциялардың егжей-тегжейлері, лицензиялардың, сертификаттардың болуы және басқалары.
Модельді оқыту үшін олардың «салмағына» байланысты Цифрлық тексерудің нәтижесіне әсер етуі мүмкін әртүрлі көрсеткіштер қолданылады. Нәтижесінде Цифрлық тексеру «Отандық тауар өндірушінің» мүмкіндігін үш санат бойынша (төмен, орташа және жоғары) анықтайды. Нәтижесінде, адами факторды болдырмайтын мұндай тетік кәсіпорын қызметінің өндірістік белгілері бар екенін растауға мүмкіндік береді, — деп атап өтті Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Еліміздің үздік спортшылары марапатталды