Жаңалықтар

Жоғарғы сот хиджабтағы оқушы қыздардың құқығын қорғады

Жоғарғы сот хиджабтағы оқушы қыздардың құқығын қорғады
Фото: ©Pixabay.com 25.09.2024 16:49 560

Жоғарғы сот хиджаб киетіндерді мектепке кіргізбеуді заңсыз деп тапты, себебі балалардың білім алу құқығы шектеліп жатыр екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғаушы Жаслан Айтмағанбетов Ulysmedia.kz сайтына берген сұхбатында Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуға тыйым салу туралы облыстық соттың шешімін жойып, мұндай шектеулер білім алу құқығын бұзады деп танығанын айтты.

Осыған ұқсас шешімдерді Қазақстанның төрт облысындағы басқа соттар да мойындаған.

Бұл ретте қазақстандық құқық қорғаушы 13 мыңнан астам қыз бала мектептерде хиджаб кигісі келетінін айтты.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім ошақтарында барлық оқушы мектеп формасын киюі керектігін алға тартқан. Білім саласына қатысты мәселелерді басқа аспектілермен шатастырмау керек дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға