Жоғалған Өзбекстан азаматы Ақмола облысында табылды
Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
24.02.2024 22:22
762
Полиция Өзбекстан Республикасының хабар-ошарсыз кеткен азаматы Рахманқұлов Құлмаханбет Абдухалилұлын іздестіруді сәтті аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ер адамды бір ай бойы полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.
Қ.А. Рахманқұловтың хабар-ошарсыз жоғалып кетуі туралы арыз а. ж. 22 қаңтарда Біржан сал ауданының полиция бөліміне келіп түсті. Туыстарының айтуынша, 52 жастағы ер адам Краснофлотское ауылының шаруа қожалығында жұмыс істеген.
Іздеу шаралары ауа райының қолайсыздығына қарамастан тоқтаған жоқ. Жоғалған кісі 24 ақпанда Степногорск қаласына жақын орналасқан Қарабұлақ ауылында табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Антальяда футболдан Қазақстан суперкубогының ойындары өтеді