«Жоғалған әлемі» бар жұмбақ тау табылды
Африкада 2018 жылға дейін адам аяғы баспаған тау табылды. Бұл туралы dzen.ru порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бір жылдан соң ол жаққа экспедиция жасақталып, жорық барысында табылған деректер жаға ұстатты.
Тау шыңынан әкелінген заттардың сыры әлі де ашылмай отыр.
Бұл жаңалықты ең алғаш 2012 жылы Оксфорд Брукс университетінің ғалымы Джулиан Бэйлисс ашқан болатын. Ол ұзақ жылдар бойы африкалық ормандарды зерттеумен айналысып, өзіне қызықты аймақтардағы спутниктен жасалған кескіндерді бақылаумен әуестенген. Осы суреттердің арқасында ғалым бұған дейін бұрын-соңды аты аталмаған Лико тауын әлем назарына ұсынған.
Лико жазық ортасында тұрған тау-арал болып саналады.
Әдетте мұндай таулар гранит пен базальттан құралған жанартау жынысынан тұрады. Тау теңіз деңгейінен 100 метр биіктікте орналасқан, оның шамамен биіктікке дейінгі 700 метрі - жылтыр қабырға. Осы қасиетіне бола альпинистер үшін «алынбас қамал» болып көрінгені сөзсіз. Сол себепті де жергілікті тұрғындар ешқашан бұл таудың шыңын бағындырмапты.
Бэйлисс 2018 жылы аталмыш тауға ғалымдар, альпинистер мен жергілікті тұрғындардан құралған экспедиция әзірледі. Сөйтіп ол Лико шыңына шығып, таудың экожүйесін баяндап берген алғашқы ғалым болды.
Айта кету керек, ғалымдар тау шыңында топырақтың терең қабаты болады деп ойламаған. Тереңдігі сонша, алып-алып ағаштары бар ну орманға айналдырғаны таңғалдырады. Ал топырақ түзілуінің жылдамдығын ескеретін болсақ, бұл – ескі орман.
Тау шыңының аумағы – 30 гектар. Аумақта парадоксалды экожүйе қалыптасқан көрінеді.
Бұл орманда құстар көрінбейді. Ал тропикалық орманда қанаттылардың болмауы – нонсенс. Экспедиция мүшелері жорық кезінде бір де бір құс көрмеген. Алайда қаңқылдаған дыбыс естігендерін айтқан.
Ғалымдар тауда көбелектер мен өрмекшілердің сан алуан түрлерін сипаттай отырып, 20-ға жуық қосмекенді, 30-дан астам бауырымен жорғалаушыны, бірнеше сүтқоректіні, оның ішінде алып егеуқұрықты көріпті-мыс.
Жиналған үлгілер зертханаларға жолданып, әлі де зерттелу үстінде.