Жітіқарадағы бес баланың өмірін жалмаған өрт: оқиға орнынан видео пайда болды
Фото: ©El.kz коллажы
Фото: ©El.kz коллажы
11.10.2024 12:01
1245
Қостанай облысының Жітіқара ауданында болған өрт бес баланың өмірін жалмағанын жазғанбыз. Облыстық ТЖД оқиға орнынан видео жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үйдің шатыры опырылып түсіп, бір отбасының кәмелетке толмаған бес баласы қайтыс болды. ТЖД балалардың анасы танысының үйіне кеткенін, ал әкесі түрмеде отырғанын мәлімдеді.
Еліміздің бас прокуроры Берік Асылов істің сотқа дейінгі тергеп-тексерілу барысын жеке бақылауына алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға