Жаңалықтар

Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек айтылды

Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты тың дерек айтылды
Фото: iStock 14.10.2024 17:15 10052

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға Жітіқарадағы бес баланың өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер жеткен кезде, өкінішке қарай, үйдің төбесі опырылып кеткен. Мен іссапарда жүрдім. Дегенмен департамент директоры іссапарға жіберілді, ол басынан аяғына дейін жүрді, жерлеу рәсіміне де қатысты. Тиісті қолдау шаралары көрсетілді, – деді министр.

Министр жақында әйелдің "Күміс алқа" статусы берілгенін мәлімдеді.

Бірінші некесінен үш бала, екінші некесінен екі бала болған. Ең кішкентай баласы бір жасқа мамыр айында ғана толған. Сол кезде оған көпбалалы “Күміс алқа” статусы берілген. Жазда анасы бірінші күйеуінен алимент ретінде 300 мың теңгеден артық ақша алған. Тоқсанына бір рет оған 290 мың теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек берілген. Яғни, жап-жақсы ақша алып отырған, – дейді министр.

Министр оқиғаның кейбір мән-жайларын айтты.

Әйел жергілікті дүкенде жұмыс істеген, бірақ сол күні қалаға кеткен. Неге кеткені тергеу аясында айтылмайды. Бірақ сол күні үйге 1995 жылғы ер адам келіп, кешкі сағат тоғыз шамасында пеш жағып, кетіп қалғаны рас. Анасы оны балалар тоңып қалмасын деп жіберген. Үйдегі үлкен ұлдың айтуынша, қайғылы оқиға таңғы сағат 4:30 шамасында басталған. Ол таңғы сағат 5-те көршілерден көмек сұраған. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келгенде үйдің шатыры құлаған, - деді ол. 

Айта кетейік, 11 қазанда Жітіқара қаласында қайғылы оқиға болып, бір үйдің бес баласы ажал құшты. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға