Жаңалықтар

Жиналыс үстінде алып кетті. Шымкентте басқарма басшысын ұстаған сәттің видеосы таралды

Жиналыс үстінде алып кетті. Шымкентте басқарма басшысын ұстаған сәттің видеосы таралды
Фото: Видеодан кадр 06.02.2024 09:06 1230

Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасының басшысы қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті екені анықталған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков басқарма басшысының ұсталған сәтінен видео жариялады. 

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Лауазымды адам қаланың 216 тұрғын үйінің сейсмикалық тұрақтылығын технологиялық тексеру жөніндегі жұмыстарды орындауға бөлінген аса ірі мөлшерде алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобымен бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

Залалдың алдын ала сомасы 120 млн теңгені құрайды.

Қатарлас қаржылық тергеу барысында шенеуніктің анасына ресімделген Түркістан облысының Қазығұрт ауылында монша кешенін салу арқылы жымқырылған қаражатты заңдастыру туралы нұсқасы тексеріледі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға