Жаңалықтар

«Жігіттің артынан жүгірмеймін»: Ерке Есмахан Raim-мен ажырасты дегендерге жауап берді

«Жігіттің артынан жүгірмеймін»: Ерке Есмахан Raim-мен ажырасты дегендерге жауап берді
Фото: instagram.com/erke_esmahan 22.06.2023 09:50 3760

Соңғы күндері отандық әншілер Ерке Есмахан мен Raim ажырасты деген ақпар тарады. Бұл жайтқа қатысты әнші арудың өзі пікір білдіріп, қаңқу сөзге нүкте қоюды жөн көрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Бұл әңгіме осыдан бір апта бұрын басталған. Оған тыңдармандардың болжамы себеп. Өйткені жас жұбайлар Instagram-да бір-бірін белгілеуді доғарып, бірі-біріне жазылудан бас тартқан. Мұны байқаған оқырмандар жұлдызды жұптың арасында кикілжің туындап, екеуі екі бөлек кетті ме деп топшылады.

Бес-ақ күн instagram-да болмап едім, неге жоқ жерден у-шу, өсек шығарып, күйеуіміз екеуімізді ажырастырып тастағансыздар? Құдай сақтасын! Туысқандар, достар «бәрі жақсы ма?» деп қоңырау шалып жатыр.

Жігіт пен қыз кезде ұрысу дегеннен бас тартпай, тоқтай алмай әкететін едім. Неке қиып, жанұя болғалы ұрысу дегенді ұмыттық, қазір құндылық басқа. Алла тіл-көзден сақтасын!

Раим бұрыннан ешкімді оқымайды, тіпті мені де. Сосын мен де оны оқымаймын. Жігіттің артынан жүгірмеймін. Сондықтан жоқ жерден жаңалық жасап керек емес. Біздің ажырасуымызды армандап жүргендерге айтарым, біреуге бақытсыз өмір тілегенше, өздеріңізге бақыт тілеңіздер! – деп жазды Ерке.

Естеріңізге сала кетейік, екі әнші осы жылдың қаңтарында неке қидырып, сонан соң некелерін заңды түрде тіркетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға