"Жігіттер" тобының Көкшетаудағы концерті өтпейтін болды

Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official
10.03.2025 23:03
209
Көкшетауда "Жігіттер" квартетінің шығармашылық концерті өтпейтін болды. Бұған ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы топ мүшесі Бағлан Әбдірайымов желі парақшасында жүктеген видеода мәлімдеді. Айтуынша, өнер иелері Ақмола облысының Ерейментау қаласында қалып қойған. Ал ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылып, тіпті темір жол бағытымен жету де мүмкін болмаған.
Өнер жұлдыздары жанкүйерлерінен кешірім сұрап, концерт 13 наурызға шегерілгенін атап өтті.
Айта кетсек, "Жігіттер" квартетінің концерті бүгін 10 наурызда сағат кешкі 22.00-де өтуі керек болатын.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Жаркентте жер сілкінісі болды