«Жігіттер» квартетінің әншісі әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты
«Жігіттер» квартетінің әншісі Айдар Тұрғамбек әйелінің мәһрге не сұрағанын айтты. Қызықты weekend бағдарламасына берген сұхбатында әнші жұбайына қымбат сыйлықтар жасайтынын да алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйгерім (әйелі - ред.) ол кезде кішкентай қыз еді, 19 жаста ғой. Менде енді тәжірибе бар. Телефонмен сөйлескенде «Досым үйленді. Әйелі мәһрге құран кітап сұрапты. Тағы бір досымның әйелі мынадай зат сұрапты» деймін. Арзан зат екенін айтып меңзеп қоямын. Сөйтіп неке қидырғанда «Не сұрайсың?» деп еді, «Құран кітап сұраймын» деді. Қазір «Қазір көлік сұрайтын едім» дейді, - деп еске алды Айдар Тұрғамбек.
Алдағы уақытта сол көлігін алып беру жоспары екенін де тілге тиек етті.
Қымбат сыйлық жасаймын. Бірақ телефон және үйге қажетті заттар. Өзі ұнатқан нәрсесін әперемін. Енді көлік әперсем деп ниеттеніп жүрмін. Өйткені балалар есейіп жатыр. Менің уақытым болмайды, - деді әнші.
Бұған дейін Айдар Тұрғамбектің көпшілікке әйелін неліктен көрсетпейтінін айтқан болатын. Сонымен қатар Алматыдан көшуді жоспарлап жүргенін де тілге тиек еткен.