Жаңалықтар

«Жігітіңіз бар ма?». Ләйлә Сұлтанқызы оқырманның сұрағына жауап берді

«Жігітіңіз бар ма?». Ләйлә Сұлтанқызы оқырманның сұрағына жауап берді
Фото: instagram.com/sultankyzy 16.10.2024 15:15 1828

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде оқырмандарымен тілдесіп, бірнеше сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Instagram-дағы парақшасында сыртқы келбетіне тамсанған оқырмандарына алғыс білдірді. 

Мақтағаннан көңіл семіреді, менде де комплекс, минустар бар. Бүгінгі кейпім - таза еңбектің нәтижесі, - деп жауап берді тележүргізуші.

Жеке өміріне қатысты сұраққа БАҚ өкілі жауап беруден бас тартты. Сонымен қатар, қайғылы қазадан кейін қалай өзіне келгенін де айтты.

Қазаны ұмыту, жалғыздықты жеңудің нақты бір формуласы жоқ. «Бекем бол», «Мықтысың» деген сөздер көмектеспейді. Менің мұңымды сәл де болсын жеңілдететін - Аллаға деген сенім, тәуекел, балаларымның болашағы және сүйікті жұмысым. Бірақ кейде бос уақыт жаныңды жейді, - дейді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға