Жаңалықтар

"Жігітімен жанжалдасқан": Астанада 17 жасар қыз терезеден секірмек болды

"Жігітімен жанжалдасқан": Астанада 17 жасар қыз терезеден секірмек болды
Фото: Видеодан кадр 30.03.2023 16:48 845

Елордалық ювеналды полиция инспекторы 17 жасар қыз баланың өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға Сауран көшесіндегі үйдің 9-қабатындағы терезеден бір қыз секіргелі отырғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция жіберілді. Сонымен қатар тәуліктік кезекшілікте болған ювеналды полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әсемгүл Құдайбергенова дереу жеткен. Полицейлер қыздың көпқабатты үйдің ашық терезесінде отырғанын және оған жақындап қалса, секіремін деп қорқытқанын анықтады, - делінген ақпаратта.

Әсемгүл Құдайбергенова санаулы секундтарда жасөспірімнің мәселелеріне тереңірек үңіліп, оның сеніміне кіруге тырысқан. Әрі қарай қолайлы сәтті пайдаланып, қыз балаға қарай тез жүгіріп барып, оны ішке қарай тартып кіргізген. 17 жастағы бойжеткеннің мұндай қадамға жас жігітпен жанжалдасуынан барғаны анықталды. Оған психологиялық көмек көрсетілді.

Әсемгүл Құдайбергенова ішкі істер органдарында 20 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол бес баланы тәрбилеп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға