Жаңалықтар

«Жібек жолы»: Бакудегі турнирге қатысатын боксшы қыздар анықталды

«Жібек жолы»: Бакудегі турнирге қатысатын боксшы қыздар анықталды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы 10.04.2025 15:05 791

10-16 сәуір аралығында бокстан Бакуде (Әзербайжан) өтетін «Жібек жолы» халықаралық турниріне қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бапкерлер штабы тізімге мына спортшыларды қосты:

- 48 келі: Ақбота Болат, Гүлназ Бөрібаева, Роксана Гасымова

- 50 келі: Элянур Тұрғанова

- 52 келі: Томирис Мырзақұл, Анжа Сәдуақасова

- 54 келі: Элина Базарова, Сымбат Әлиасқар

- 57 келі: Шахназ Исаева, Виктория Байдукова

- 70 келі: Бақыт Сейдіш, Азиза Исина

81 келіден жоғары: Дина Исламбекова, Әсел Тоқтасын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға