Жібек Құламбаева ITF W40 турнирінің чемпионы атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
17.09.2023 01:18
659
Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Жібек Құламбаева литвалық Юстина Микульскитемен бірге финалда жапониялықтар Рина Сайго – Юкина Сайгомен бас жүлдені сарапқа салды.
Қазақстандық-литвалық жұп қарсыластарын 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңіс тұғырына көтерілді.
Осылайша, Жібек Құламбаева жұптық сында қатарынан үшінші рет ITF жарысының жеңімпазы атанып отыр. Бұған дейін ол Рим мен Прагада үздік шыққан еді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді