Жаңалықтар

Жібек Құламбаева Еуропадағы жарыстың финалына өтті

Жібек Құламбаева Еуропадағы жарыстың финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 16.09.2023 02:25 2093

Қазақстандық Жібек Құламбаева жұптық сында Скопье (Солтүстік Македония) ITF W40 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Соңғы кезде жұптық сында сәтті өнер көрсетіп жүрген қазақстандық теннисші литвалық Юстина Микульскитемен бірге аталмыш жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген.

Турнир барысында қазақстандық-литвалық жұп үш кездесуін жеңіспен тәмамдады. Жартылай финалда олар грекиялықтар Элени Христофи — Димитра Павлоудың меселін қайырды – 6:1, 6:2.

Ж.Құламбаева мен Ю.Микульскитенің финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

Қазақстандық спортшы бұған дейін Рим мен Прагада жұптық сында үздік шыққан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға