Жаңалықтар

Жезқазғанда жүз мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Жезқазғанда жүз мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 01.06.2024 09:41 686

Жезқазған қаласында 90 000 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жезқазғанда пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

2014 жылы 90 747 га жер телімі «Өсімтал» ЖШС-не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген. Алайда, “Өсімтал” ЖШС мақсатына сай пайдаланбағанын ескере отырып, 2023 жылы "Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ талап арыз беріп, 2024 жылы мемлекет меншігіне қайтарды.

Өткен жылы да 4000 гектардан астам жер мемлекет меншігіне өткен еді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға