Жезқазғанда ТЖМ құтқарушылары балаларды пәтерден шығарды

Фото: El.kz
Фото: El.kz
15.04.2025 23:16
125
Жезқазған құтқарушылары көмек сұрап хабарласқан әйел адамның құлыпталып қалған есігін ашып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша ол пицца жеткізушісіне шыққан кезде есік жабылып, пәтерде оның екі баласы қалып қойған. Оқиға Желтоқсан көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде орын алған.
Құтқарушылар автосатыны 5-ші қабаттағы балконға тіркеп, шанс сайманының көмегімен терезені ашып, пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты, - деп жазылған ТЖМ хабарламасында.
Оқыс оқиғадан балақайлар зардап шеккен жоқ, ал анасы құтқарушыларға алғыс білдірді.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Елімізде Al Jazeera медиакорпорациясының қосыны ашылмақ