Жезқазғанда егде жастағы кейуана құтқарушыларға алғыс білдірді

Фото: Бейнежазбадан скриншот
Фото: Бейнежазбадан скриншот
20.02.2025 20:18
390
Ұлытау облысында ТЖМ құтқарушылары зейнеткерді құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бүгін Жезқазған қаласы Бейбітшілік көшесі бойындағы бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында пәтерде жалғыз қалған егде есікті аша алмай қалған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жағдайды тез бағалап, терезе арқылы пәтерге кіріп, арнайы құралдардың көмегімен пәтердің есігі ішінен ашты, - деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.
Әже ТЖМ құтқарушыларына шын жүректен алғыс айтып, батасын берді.
Бөлісу:
