Жаңалықтар

Жезқазғанда «Берекелі шаңырақ» облыстық фестивалі өтті

Жезқазғанда «Берекелі шаңырақ» облыстық фестивалі өтті
Фото: gov.kz 22.10.2023 14:33 530

Отбасы институтын нығайту мақсатында ұйымдастырылған тағылымы мол шарада үлгілі отбасылар сахнада өздерін таныстырып, өнерлерін ортаға салды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Берекелі шаңырақ» облыстық фестивалінің құрметті қонақтары ретінде Ұлытаулық жиһанкез Сәрсенбай Қотырашов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Қорабай Есенов, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов қатысты.

Айта кетейік, аталған іс-шара барысында Ұлытаудан Түркияға дейін жаяу жүріп өткен жерлесіміз, марафоншы Сәрсенбай Қотырашов ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Туризм саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Фестиваль қорытындысы бойынша барлық қатысушы отбасыларға арнайы аталымдар бойынша дипломдар табысталып, 300 мың теңге көлемінде бағалы сыйлықтар тарту етілді.

«Үлгілі отбасы» номинациясы – Садықовтар отбасы (Жезқазған қаласы);

«Жас жұбайлар отбасы» номинациясы – Бердіхановтар отбасы (Сәтбаев қаласы);

«Саяхатшы отбасы» номинациясы – Қотырашовтер отбасы (Ұлытау ауданы);

«Спорттық отбасы» номинациясы – Жүкеновтер отбасы (Жаңаарқа ауданы);

«Еңбек династиясы» номинациясы – Бекмағанбетовтер отбасы (Қаражал қаласы);

«Өнерлі отбасы» номинациясы – Қартаевтар отбасы (Жәйрем кенті);

«Көпбалалы отбасы» номинациясы – Байдильдиндер отбасы (Ұлытау ауданы).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға