Жаңалықтар

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды

Жезқазған жылу электр орталығында апат болды
Фото: Қарағанды облысының әкімдігі 14.07.2023 18:35 833

13 шілдеде Жезқазған жылу электр орталығында апат болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығынан электр беру желісі ажыратылған.

13 шілдеде сағат 21:12-де қолайсыз ауа райы кезінде Ақадыр-Жезқазған 500 кВ электр беру желісі ажыратылды. Электр желісі параметрлерінің өзгеруі Жезқазған ЖЭО-дағы №7 және 11 қазандықтардың қозғалтқыштарында жиілік түрлендіргіштердің ажыратылуына, артынша сөнуіне әкелді. Будың болмауына байланысты №4, 7 турбиналар тоқтатылды, салдарынан генерация толық төмендеді, - деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Станцияның жұмыс режимін қалпына келтіру бір сағаттан кейін сағат 22:20-да басталды.

Жан-жақты тергеу жүргізу үшін Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің комиссиясы құрылды.

Министрлік Жезқазған ЖЭО-ның толық тоқтауы бірінші рет емес екенін атап өтті. 19 маусым сағат 12:45-те өзінің электр қажеттіліктерін жоғалту салдарынан станция генерациясы 129-дан 0 МВт-қа дейін төмендеген.

Жоғарыда айтылғандар негізінде "Қазақмыс Энерджи" ЖШС-ның басшылығына Жезқазған жылу электр орталығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөнінде пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды, - деді ведомстводағылар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға