Жаңалықтар

Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды

Жезқазған тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 17.05.2024 11:17 2308

Жезқазғандық полицейлер алкоголь ішкен ер адамды полиция көлігімен медициналық тексеруге алып бара жатқанда, ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, учаскелік полиция инспекторлары әйелі телефон соққаннан кейін мас ер адамды үйінен алып кеткен. Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, жанжал шығарғанын айтып шағымданған. Медициналық мекемеге бара жатқанда ер адам аяқ асты ауырып, қайтыс болды.

Сот-медициналық сараптама өлімнің алкогольдік кардиомиопатиядан туындаған жедел жүрек жеткіліксіздігінен болғанын анықтады.

Ведомство аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Облыстық полиция департаментінің ішкі қауіпсіздік басқармасы қызметкерлерінің іс-әрекетінен ешқандай заң бұзушылықтар анықталмады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға