Елімізде тағы бір республикалық маңызы бар жол ауқымды жөндеу жұмыстарымен қамтылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы ұзындығы 954 шақырымды құрайтын «Жезқазған – Петропавл» жолы Қазақстанның төрт өңірі арқылы өтеді (СҚО, Қостанай, Ақмола, Ұлытау өңірлері).
Ұзындығы 359 шақырымды құрайтын учаске Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Дәл осы өңірде ауқымды жөндеу жұмыстары атқарылуда. 2025 жылдың соңына дейін 300 шақырым жол жөнделеді.
Қазіргі уақытта өңірде "Жезқазған – Петропавл" жолының 83 шақырымында жұмыстар аяқталуда. Атап айтқанда, Николаевка және Покровка ауылдары арасындағы 40 шақырымдық учаскені қоса алғанда, Ломоносовка және Ставрополка, Тоқсан би және Новоишимка ауылдары арасындағы 43 шақырымда жаңа асфальт төселді.
2025 жылы тағы 215 шақырым жөнделеді. Бескөл ауылы мен Покровка ауылы арасындағы 69 шақырым, Сергеевка қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейінгі жалпы ұзындығы 146 шақырым жолда жөндеу жұмыстары өтеді. Сол аралықтарда қазір су өткізу құбырларын ауыстыру және құрылыс материалдарын дайындау жұмыстары жүріп жатыр.
2025 жылдың соңына дейін жолды орташа жөндеуден өткізіп қана қоймай су тасқынынан зақымдалған 24 су өткізу құбырын ауыстырып, тағы 72 су өткізу қыбыры жөнделеді.
«Жезқазған – Петропавл» тас жолын жөндеу жұмыстары қашан аяқталады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов
08.11.2024 23:43
493
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық құтқарушылар 73 жастағы әжеге көмек көрсетті