Жезқазғандағы Қаныш Сәтпаев музейіне фотосаяхат
Бір кездері облыс орталығы болған Жезқазған қаласы туралы бүгінде ақпарат алаңынан көп ести бермейсіз. Дегенмен, өзге қалалар секілді бұл қаланың да елге көрсетер көрікті жерлері мен мәдени ошақтары бар. Солардың бірі - Қазақ Ғылым Академиясының ең алғашқы басшысы, ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтпаев музейі. Ел.кз редакциясы аталмыш музейге арнайы барып, фоторепортаж әзірледі.
1. Қаныш Имантайұлының әкесі мен анасы
2. Ғалымның жұмыс үстелі
3. Ғылым академиясының басшысы ретінде қалдырған жазбасы
4. Қ.Сәтпаев отбасы пайдаланған жиһаз
5. Ғалымның жатын бөлмесі
6. Қаныш Имантайұлының үйіндегі самауырындар
7. Біреу білсе, біреу білмес, бірақ Қаныш Имантайұлы алгебра кітабын жазып шыққан.
Қаныш Имантайұлының геология саласында сіңірген еңбегі өте көп, сол себепті музей экспонаттарының басым бөлігі геологиялық қазба байлықтарының үлгілеріне арналған.
8. Сап мыс. Сап мыс деп таза күйде кездесетін мысты айтады.
Мыс минералдарды іздеп табумен жұмыс бітпейді. Одан кейін табылған қазба байлықты өндіру мәселесі туындайды. Музейдің үшінші бір бөлігі осы өндіру жұмыстарына арналған.
9. Пневматикалық перфоратор ПР-30. 1966 жылға дейін Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында 2 метрге дейінгі қазба жұмыстарын жүргізуге қолданылған.
10. Шахтадағы минералдарды таситын вагонеткалар
11. Жезқазған мыс қорыту зауытының макеті
12. Мыс өндіретін орынның астыңғы қабатынан көрініс.
13. Шикі минералды қызыдырып өңдеуге арналған Анод пеші
Қаныш Имантайұлы Сәтпаев музейінің суреттерін толықтай сілтеме бойынша көре аласыз.
Дархан Өмірбек
Астана - Жезқазған - Астана