Жаңалықтар

Жеткіншектер арасындағы суицидтің қалай алдын алуға болады

Жеткіншектер арасындағы суицидтің қалай алдын алуға болады
Фото: коллаж El.kz 05.01.2025 17:10 425

Бүгінде елімізде жеткіншектер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі – жұртшылықтың да, мемлекеттік органдардың да назарын аударатын проблемаға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев балалар мен жеткіншектер арасында суицидтік көңіл-күйдің алдын алу бойынша кешенді шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар президент балалар жарақаты мен жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды мемлекеттегі құзырлы органдарға тапсырған еді.

Бұл мәселе аясында бүгінде заңнамалық нормаларды іс жүзінде іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. «111» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді, мектептерде Kiva буллингіне қарсы күрес бағдарламасы енгізілуде. Ал 2024 жылдың қыркүйегінен бастап, «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтында қауіпсіздік сабақтары енгізілді. Балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлерін оқыту басталды. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталуда.

Осы ретте жеткіншектер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі туралы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институтының жетекші ғылыми қызметкері, сарапшы, психолог маман Сағым Нағашыбаевамен сұхбаттасуды жөн көрдік.

El.kz: Жеткіншектердің өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдауына не түрткі болады?

Сағым Нағашыбаева: Жеткіншек өз ортасына тікелей немесе жанама түрде өлуді, өзін өлтіруді қалайтыны немесе өмір сүруді қаламайтындығы туралы айтады. Негізі, өмір сүргісі келмейтіні туралы айту (сигнал беру) – бұл сіздің назарыңызды өзіңізге және проблемаларыңызға аудару әрекеті. Егер адам мұндай нәрселерді айтса, ол оны істемейді деген миф бар. Мәселені шындыққа жанаспайды деп көңіл аудармасаңыз, шарасыз жеткіншек өз ниетін орындауы мүмкін. Егер адам өз-өзіне қол жұмсауға бейім болса немесе сіз адамның депрессияға ұшырағанына күмәндансаңыз, әрекет ету керек. Құпияны сақтауды талап ететін жабық конверттің өзі қауіптілікті көрсетеді. Осындай қылық әрекеті прогрессивті суицидті көрсетуі мүмкін. Суицидтің кез-келген әрекеті мен қауіп-қатерін байыпты қабылдаған дұрыс. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін елемеуге болмайды, ол назар аудартуға тырысады. Сол кезде суицид немесе суицид әрекеті ескертусіз орын алады. Әдетте, өз-өзіне қол жұмсаған адамның жақындары суицидке бейім адам өзінің ниеті туралы түсінік беруге тырысқан көптеген жағдайларды еске түсіре алады. Суицидке бейімділігі бар адамның жақындарына суицид қаупін көрсететін белгілер туралы айту маңызды.

Көбіне өзін өлтіруге тырысатын адамдар өмір сүргісі келетінін немесе өлгісі келетінін білмейді. Бұл суицидтік мотивтердің амбиваленттілігі деп аталады. Суицидтік қылық әрекеті адам төзгісіз жағдайдан шығудың жалғыз мүмкіндігі сияқты. Амбиваленттілік бірдей күшті сезімдерді білдіреді. Мұндай жағдайда суицидке бейім адам өмір мен өлім туралы шешімін басқа адамдарға қалдыруы мүмкін. Жеткіншектердің өзін-өзі өлтіруге тырысуын, оны сырттай бақылаушылар анықтай алады. Психологиялық кеңес беру кезінде суицид дағдарысы жиі салыстырмалы түрде тез өтетінін есте ұстаған жөн. Суицид – уақытша мәселелердің қайтымсыз шешімі. Суицидтік мотивтердің екі ұштылығы суицидтің алдын алуға мүмкіндік береді, өйткені адамның күмәнін сындарлы жол табу үшін пайдалану мүмкіндігі бар.

El.kz: Суицид және суицидтік сезімдер туралы айту өлімге қаншалықты итермелеуі мүмкін?

Сағым Нағашыбаева: Суицид туралы айту суицидтік әрекетті ойлауға әкелмейді. Эмоцияларды тұжырымдау және түсіндіру кезінде көмек алу үшін суицидке бейім адам алдымен оларды білдіруі керек. Өз сезімдеріңіз туралы айту – дағдарысты еңсеру жолындағы алғашқы қадам. Алайда консультативтік сессия барысында сіз әлі де сақ болуыңыз керек және асықпай проблемаларды біртіндеп реттеуіңіз қажет.

El.kz: Жасөспірімдерде депрессия ересектерге қарағанда қай жағынан біршама ерекшеленеді?

Сағым Нағашыбаева: Суицидке бейімділігі бар барлық адамдар депрессиядан зардап шегеді. Депрессия суицидтің маңызды қауіп факторы болғанымен, суицидтің барлық жағдайларында бұл негізгі болып саналмайды. Суицидтің қауіп факторлары шизофрения, мазасыздық және анорексия сияқты басқа психикалық аурулар болып есептеледі. Жоғарыда аталған жағдайлардың ешқайсысы жоқ адам да суицидке бейім болуы мүмкін. Егер суицид дағдарысын еңсерсе, қауіптен де жеңіл өтеді. Көптеген суицидтер қалпына келтіру кезеңінде, адамның өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойларын жүзеге асыруға күші мен ниеті болған кезде жасалады. Мысалы, жеткіншектерде суицидтің үлкен қаупі алдыңғы суицид әрекетінен үш ай өткен соң пайда болады. Әдетте, кез-келген мәселені шешу адамға жеңілдік сезімін тудырады. Егер адам депрессияға немесе суицидке бейім болса, табылған шешімнің қатарында өз өмірін суицидпен аяқтау туралы нақты шешім де болуы мүмкін.  Жеткіншектерде өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті болса, онда ол әрқашан сол күйінде қалады. Ауру қалса да, әдет қалмайды. Көптеген жеткіншектер қысымға төзе алмай, өмірінің белгілі бір кезеңінде ғана өзін-өзі өлтіреді.

Жеткіншектер арасындағы суицид мәселесінің себептері әртүрлі болуы ықтимал. Әлеуметтік қысыммен отбасындағы келеңсіз жағдайлар, мектептегі қорлау, әлімжетік жасау, қолдау мен түсінудің жоқтығы, психикалық денсаулық мәселелерін қамтиды.

Ақпараттық есеп:

  1. Жоғарғы көрсеткіш: Қазақстан – жеткіншектердің өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі жоғары елдердің қатарына кіреді.
  2. Әлеуметтік желілердің әсері: Кейбір жағдайлар әлеуметтік медианың жағымсыз әсерлерімен, соның ішінде депрессияны немесе суицидке бейімділікті тудыруы мүмкін мазмұнмен байланыстылығы.
  3. Көмекке қол жетімділігі: Соңғы жылдары жастарды қолдау үшін сенім телефондары, психологиялық көмек орталықтары және жобалар құрылды.

Негізгі себептері:

Депрессия және мазасыздық,  отбасылық қақтығыстар немесе қысым, мектептегі әлімжетік және шеттетілу (жалғыздық сезімі), сөз бостандығынан айыру немесе ересектер тарапынан түсінбеушілік, психикалық денсаулық және көмекке қайда жүгіну туралы ақпараттың жетіспеушілігі.

Не істеуге болады?

  1. Қауіпсіз орта құру: Балалармен арнайы уақыт өткізіңіз – қолдау көрсетіңіз, олардың ойлары мен тәжірибелерін тыңдаңыз. Отбасында сенімді қарым-қатынасты қамтамасыз етіңіз.
  2. Білім беру және ақпараттандыру: Жеткіншектерге эмоционалды қиындықтарды жеңуге үйрету, мектеп бағдарламасына психикалық денсаулыққа арналған сабақтарды қосыңыз.
  3. Қолжетімді көмек беру: Жеткіншектерге Сенім телефондары (мысалы, 150 нөміріне тегін қоңырау шалу – Қазақстандағы балалар мен жеткіншектерге арналған сенім желісі) сияқты қолжетімді ресурстар туралы айтып беріңіз.
  4. Мамандармен жұмыс: Егер жеткіншек психологиялық хал-ахуалының нашар жағдайын сезсе, депрессия немесе басқа проблемалар бар деп күдіктенсе психологқа немесе психотерапевтке барудан қорықпағаны дұрыс.

Егер сіз өзіңіз немесе сіз білетін адам дағдарысқа тап болса, дереу көмек сұраңыз. Оның өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін.

El.kz: Жеткіншектер өзіне-өзі қол жұмсауды қалай түсінеді?

Сағым Нағашыбаева: Өмір сүру жағдайының шынайы қиындығынан стресстік жағдайларды басынан өткеріп, депрессиялық күйге еніп, күйзеліске түсіп, шарасыздан өзіне-өзі қол жұмсайды.

Өзіне-өзі қол жұмасаушы адамды кез-келген адам тыңдай білуі керек! Себебі, оның да айтары бар. Қоғамның әрбір өзгерісі, заман ағымы – адам психикасына көрініс береді. Адамның бастапқы қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, міндетті түрде үрейді жеңеді, қорқынышты азайтады. Адам өлімі еліміз үшін – қайғы-қасірет. Мың күнгі түнектен, бір күнгі жарық артық. Суицид – тығырықтан шығар жол емес!

Жеткіншектердің өзіне-өзі қол жұмсауы...

Шынайы себептер арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, қаржы мәселесі, психикалық аурулар, қоғаммен түсініспеушілік, отбасылық тәрбиемен қоғам мәдениетінің жоқтығы. Жеткіншектер арасында зорлық-зомбылық, кейбіреулері есірткі қолдануы, әр түрлі компьютерлік ойындарға тәуелділік, сонымен қатар – атыс-шабыс, қанды ойындардың әсерінен және шизофрения, психопатия, қатерлі ісік патологиясы т.б болуы мүмкін. Көбінесе – үйінде ата-анасына, ал мектепте – ұстаздарымен тәрбие ісі жөніндегі басшының орынбасарына қарсылық білдіру түрінде жасалынса, кейбір қыздар арасында махаббаттың құрбаны ретінде әрекет етіледі. Суицид – эгоистік және альтруистік болып бөлінеді. Психопатологиялық жағдай негізінен балалармен жеткіншектерде социолизация деңгейімен қоғамдағы орнымен де байланысты.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың типтері: протест, жанашырлыққа шақыру, қайғыдан құтылу мақсатында, өзін-өзі жазалау, өмірден бас тарту.

Суицидалды қылық әрекеті – соматикалық, психикалық нормадан ауытқуы бар, тіпті сырт келбеті сау адамдарда да кездеседі. Кейбір факторларын атап айтсам, шеттетілу немесе жалғыздықтың салдары, жақын адамы өзіне-өзі қол салуы және отбасындағы ата-ананың ажырасуы  жеткіншектердің психикасына үлкен әсерін тигізеді. Қазіргі таңда жеткіншектер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауының себебі – алға қойған мақсат-міндеттерімен өмір сүру қиындықтарына шыдамауына байланысты дағдарыс жағдайына ұшырауы болып отыр.

El.kz: Суицидтің қалай алдын алуға болады?

Сағым Нағашыбаева: Суицидология ғылымы – Әлеуметтану ілімі, жан тану, медицина, демографиямен және психиатриямен байланысып, қылық әрекетіне баратын тұлға ерекшеліктерімен себептерін зерттейтін ғылым саласы.  

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзіне-өзі қол жұмсап, өзін-өзі өлтіруші адамдарды қылмыскер деп санаған. Ал, көне Грекия  мен Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп отырған.

Психологиялық көмек көрсету

Өкінішке орай, өз-өзіне қол жұмсаған уақытта жеткіншекке психологиялық қолдау көрсету мүмкін емес. Дегенмен, қайғылы оқиғадан кейін қасындағыларға: жақындарына, достарына және отбасы мүшелеріне көмектесуге назар аударуға болады. Болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу да маңызды.

  1. Тыңдаңыз және қасында болыңыз. Адамдарға эмоциялары мен сезімдерін білдіруге мүмкіндік беріңіз. Егер сізден көмек сұралмаса, баға немесе кеңес бермеуге тырысыңыз.
  2. Кәсіби көмекке кеңес беріңіз. Суицидтен кейінгі қайғы көбінесе кінә, шок және абыржу сезімімен бірге жүреді. Психотерапевт немесе дағдарыс психологы осы тәжірибелермен күресуге көмектеседі.
  3. Пікір айтудан аулақ болыңыз. Болған оқиға үшін ешкімді кінәламау маңызды. Себебі бұл іс-әрекетіңіз тек ауырсынуды күшейтуі мүмкін.

Жеткіншекпен алдын-алу жұмысын жасау  

Сезімдер туралы сөйлесу. Өзіне-өзі қол жұмсаған жеткіншектерге өз эмоцияларымен үкім шығарудан қорықпай бөлісе алатын қауіпсіз кеңістік жасаңыз.

Белгілерді біліп, тану. Жеткіншектердің мінез ерекшеліктеріндегі оқшаулану, немқұрайлылық, өмірге деген қызығушылықты жоғалту, өмірдің мағынасыздығы туралы айту сияқты өзгерістерге мұқият болыңыз.

Психикалық денсаулыққа қамқорлықты насихаттау. Құпиялық сақталынатындығын ескерту және мектеп психологтарынан психологиялық кеңес алуға болатындығымен интернет-ресурстары қолжетімділігі туралы туралы сөйлесіңіз.

Өзіне-өзі көмектесу дағдыларын үйрету. Жеткіншектерге қорқынышпен күйзелісті жеңуге, сезімдерді білдірудің сындарлы жолдарын табуға және салауатты әлеуметтік байланыстар құруға үйретіңіз.

Өзіне-өзі қол жұмсауға бейім жеткіншекке айналасындағы барлық адамдар эмоционалды қолдау және жәрдемдесу арқылы көмектесе алады. Әлеуметтік қолдау суицидтік әрекеттердің алдын алудың маңызды факторларының бірі болып саналады. Психотерапия сонымен қатар адам үшін маңызды ортаны қолдауға негізделген.

Жеткіншектердің психикалық денсаулығын нығайтуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырыңыз. Ата-аналар жиналыстарында, мектептерде және әлеуметтік топтарда алдын-алу мәселелерін көтеріңіз. Дағдарыстық көмек пен ресурстардың қолжетімділігін насихаттаңыз.

Біз болып, сіз болып адамдардың бет бейнесімен ішкі дүниесін түсінсек, қоғамда тыныш болар ма еді?... Ата-анамен бірігіп жұмыс істесек өте дұрыс болады. Ұлттық тәрбиені қолға алу әр ата-ананың міндеті, сондықтан әрбір жеткіншек Қазақстанда жарқын өмір сүру үшін жауапты. Әрбір ата-ана өз балаларымен сенімді қарым-қатынас орната білгені дұрыс!

El.kz: Сұхбатыңызға рахмет!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға