Жаңалықтар

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

El.kz жобасы Еуразия ұлттық университеті жанында құрылған Астанадағы ең тұңғыш пікір-сайыс клубының президентінен сұхбат алды.
29.01.2015 09:54 9163

El.kz жобасы Еуразия ұлттық университететі жанында құрылған Астанадағы ең тұңғыш пікір-сайыс клубының президентінен сұхбат алды.

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

- Қазіргі өзекті мәселелердің бірі жастардың жұмыспен қамтылуы, тұрғын үйге ие болуы. Осыған индустриялды-инновациялық бағдарламасы, Елбасымыздың  «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы қандай серпін береді деп ойлайсың?

 - Еліміздің болашағы – жастар! Сондықтан мемлекетіміздің келешекте мықты болуы үшін қазіргі жастарға үлкен қолдау білдіру қажет, экономика тілімен айтқанда, жастарға инвестиция құю ісін жақсарту керек. Елбасымыз бұл істі жоғары дәрежеде атқарып келеді, яғни мемлекет басшысы әрқашан жастарды қолдайды. Бұның көрінісі ретінде қазіргі үкімет жүзеге асырып жатқан түрлі бағдарламарды, соның ішінде Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа жолдауын ерекше атап өткен жөн. Біріншіден, Бүгінгі жастар бизнеске, кәсіпкерлікке бет бұра бастады, жас кәсіпкерлер қауымдастығы, клубтары, мектептері, курстары өз жұмысын жемісті атқаруда. Ең бастысы – қоғамда «жас кәсіпкер», «жастар кәсіпкерлігі» деген түсініктер қалыптасты. Ал жолдауда шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлінген. Осы орайда жастарға өз ісін ашуға, тек өзін ғана емес, өзге қатарластарын да жұмыспен қамтуға деген үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Екіншіден, баспана мәселесіне келер болсам, Мемлекет әлеуметтік жалдамалы баспаналар салып, оны тұрғындарға сатып алу құқын бере отырып, ұзақ мерзімді жалға ұсынады. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну оның сатып алу құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Бастапқы жарнаның болмауы мен ипотека үшін төмен пайыздар баспананы қазақстандықтардың көптеген жіктері үшін, әсірісе жастар мен жас отбасыларға қолжетімді ете түседі. Үшіншіден, Қазақстан жастары қазіргі заманғы жаңа технологияларды, инновацияларды қолдану, игеру бойынша жоғары қабілетті. Бүгінгі жастар – білімді, креативті ойлауы дамыған, жаңа идеяшыл. Сондықтан индустриалды-инновациялық бағдарламасына жаңа серпін беретін де, жүзеге асыратын да, жемісін көретін де – жастар! Қорытындылай келе, мемлекет жастарға барлық жағдай жасап отыр, енді мұндай мүмкіндікті пайдалану біз бен сіздің, яғни жастардың қолында!

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

- Әлемнің барлығы Франциядағы жағдай, Пәкістанда террористік актілер туралы хабардар. Қазақстанда бірлік пен келісімді сақтап қалу үшін жастар қандай үлес қосу қажет?

- Жастар елдің, халықтың белсенді бөлігі және бүгінгі таңда Қазақстанда олардың үлесі 30 %-ға жуық. Мемлекетте көтерілістердің, наразылықтардың болмауы – тікелей жастарға қатысты. Сондықтан жастарымыз сырттан келетін саяси күштердің, діни ағымдардың әсеріне төтеп беру үшін және арандатушылардың, елдің ішіне іріткі салушылардың теріс іс-әрекеттірінің құрбаны болмау үшін: құқықтық сауатты болуы қажет. Ата заңымыз Конституцияны, заңнамаларды, құқықтық-нормативтік құжаттарды жетік білуі керек. Келесі маңызды нәрсе - діни сауаттылылық. Ол ислам болсын, христиан болсын, басқа болсын... Бірақ тек дәстүрлі немесе рұқсат етілген діндерді ұстану. Соңғысы - азаматтық белсенділік, яғни еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласу. Жастар қоғамдық бірлестіктері, қоғамдық үкіметтік емес ұйымдары арқылы халықты бірлікке шақыру, дұрыс іс-әрекетке бағыттау, толеранттылықты насихаттау.

 Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

- Қазіргі таңда жастар көбінесе қандай салада білім алғысы келеді, бірақ қандай мамандық бойынша білім алып шығады?

- Қазіргі қоғамда жастарымыз әкім болсам, бастық болсам, жылы креслода отырсам, таныс-тамырлық арқылы жоғары лауазымды шенеунік атансам деген ойда. Әрине барлығы емес, бірақ өкінішке орай, басым көпшілігі. Тікелей сұраққа жауап берсем, қазір жастардың көбісі ІТ саласында, мұнай-газ саласында және байланыс салаларында білім алғысы келеді, білім алады да, бірақ айналып келгенде, неге екенін білмеймін, сол баяғы экономист, юрист, саясаттанушы деген сияқты мамандықтарды бітірген жастарымыз өте көп. Тағы бір айта кетерлігі, жастардың көбісі өзінің негізгі дипломдық мамандығы бойынша жұмыс жасамайды.

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

- Пікір-сайыс ойындарында қандай мәселелер жиі талқыланады?

- Қазіргі қазақ пікірсайысында еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелері, қоғамда актуалды болып жатқан тақырыптар жиі талқыланады. Пікірсайыс тек бұл салалармен шектелмеген, жастар саясаты, тіл мәселесі, халықаралық саяси ахуал, мәдениет, тарих және т.б. өзекті тақырыптар талқыланады.

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

- Пікір-сайыс ойындарының нәтижесі университеттегі немесе қаладағы жағдайды өзгерткен кездер болды ма? Болса қандай?

- Ондай мысалдар жоқтың қасы. Өкінішке орай пікірсайыста айтылған жақсы ойлар, жастардың ұсынған идеялары, мәселелерді шешу жолдары жоғарыда отырғандар құлағына жетпей жатыр. Болашақта пікірсайысқа жақсырақ көңіл бөлініп, жастар ұсынған ұсыныстар орындалады деген сенімдемін.

 - Жастардың пікір-сайысқа деген қызығушылығы артып келе ме? Артса себебі неде?

- Иә, пікірсайысқа деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді. Соңғы жылдары Қазақстанның барлық дерлік ЖОО-дарында пікірсайыс клубтары ашылды, пікірсайысшылар саны артты. Қалалық, облыстық, аймақтық, Республикалық, тіпті халықаралық дәрежедегі турнирлер көбейді. Бұның себебі, пікірсайыс – тұлғалық қалыптасуға үлкен әсер етеді, пікірсайыс – шешендік өнерге, ораторлыққа үйретеді, пікірсайыс – адамның критикалық ойлау қабілетін, логикасын дамытады. Пікірсайыс – достықтың ордасы.

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!" 

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"

Жеткер Ықлас: "Пікір-сайыс - достықтың ордасы!"


Осындай жастар үйірмелерінен білімін жетілдіріп, көзқарастарын кеңейтетін ұрпақтың жарқын болашаққа деген сенімі мол!

Әзірлеген: Айгүл Шерниязова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға