Жаңалықтар

Жетісулық ғалымдар смарт электромотоцикл моделін жасап шығарды

Жетісулық ғалымдар смарт электромотоцикл моделін жасап шығарды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 01.10.2024 03:21 397

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің жас ғалымдары Қуаныш Жақпаев, Жалғас Ахметов және Анет Ибраимов смарт электромотоцикл жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жас ғалымдар әйгілі «Harley-Davidson» моделіне негізделген электрлі мотоцикл құрастырған. Смарт электромотоциклді мүмкіндігі шектеулі жандар да оңай басқара алады. Бұл көлік экологиялық тұрғыдан таза әрі жүк тасымалдауға да қолайлы.

Жобаны толық іске асыру мақсатында ғалымдар командасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» байқауына қатысып, грант жеңіп алды.

Қазіргі таңда университет ғалымдары электр энергиясымен жұмыс істейтін үнемді және ыңғайлы көлік құралдарын өндіретін цех ашып, отандық өндірісті дамытуға өз үлестерін қосуда. Болашақта бұл өнімді нарыққа шығарып, электр көліктерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды жоспарлап отыр, - делінген мәліметте.

Жетісу университетінің ғалымдары алдағы халықаралық электр көлік көрмелеріне дайындық жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға