Жаңалықтар

Жетісуда жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған

Жетісуда жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған
Фото: Видеодан кадр 20.01.2024 13:37 636

Жетісу облысында 19 қаңтарда ауа-райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолының «Тоқты» учаскесінде жүк көлігі қар құрсауында қалып қойған. Соның салдарынан жол бойында өзге көліктер кептеліп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнына облыстық Достық станциясының 10-ӨСБ жеке құрамы жоғары өту техникасымен жіберілген. Қар құрсауында қалып қойған жүк көлігі қар үйіндісінен сүйретіліп, қалған 5 жүк көлігі Достық станциясына жеткізілген.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жетісу Облысы Тжд (@jetisy_tjd)

Сол күні облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне «Үшарал-Достық» автожолының «Ырғайты» учаскесінде қар құрсауында 1 жеңіл автокөлік қалғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнынан құтқарушылар жеңіл автокөліктің ішінде болған 1978 және 1992 жылы туылған екі азаматты тапты. Азаматтар Көктұма станциясына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады делінген облыстық ТЖД мәліметінде. 

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға