Жетісуда жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
15.09.2023 15:00
1158
Жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында Honda Element автокөлігінің қатысуымен болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көлік жолға кенеттен шауып шыққан жылқымен соқтығысқан.
Оқиға орнында шетелдік көліктің салонында болған 44 жастағы жолаушы қайтыс болды. Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
«Таза Қазақстан»: Шымкентте ауқымды сенбілік өтті