Жаңалықтар

Жетісуда үш жыл бойы тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты іске қосылды

Жетісуда үш жыл бойы тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты іске қосылды
Фото: © ОКҚ 24.11.2023 13:00 723

Үш жыл бойы тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты биыл жөндеуден өтіп, қайтадан жұмыс істей бастады, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстың бүгінгі қарқыны жөнінде айтты.

Оның айтуынша, биыл Жетісу облысында 3 жылдан бері тоқтап тұрған «Ақсу» қант зауыты іске қосылды. Нәтижесінде биыл елімізде қант қоры жеткілікті болды.  

Қызылшаны субсидиялау тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. 15 мың теңгесін зауыт береді. Сонда бір тоннаға 40 мың теңге субсидия беріліп отыр. Соның нәтижесінде биыл себілген қант қызылшасының көлемі екі есе көбейіп, 8 мың гектарды құрады. Биыл қант зауыттарына 330 мың тонна тәтті түбір өткізіп, жыл соңына 42 мың тонна қызылшадан қант өндіруді жоспарлап отырмыз. Қант құрағын қосқанда 29 мың тонна қант өндіріледі. Сонда екеуін қосқан кезде облыста барлығы 71 мың тонна қант өндіреміз. Облыстың қажеттілігі – 11 мың тонна. Қалғанын басқа аймақтарға жеткіземіз, - деді Жетісу әкімі.

Бейбіт Исабаевтың сөзінше, биыл өңірде дәнді дақылдар 324 гектарға себіліп, 874 мың тонна астық жиналды. Гектардың орташа өнімділігі 25 центнерден, бұл республикалық аймақ бойынша ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Мал басының барлық түрі, ет, сүт өнімдерінің өсімі қамтамасыз етілді. Облыстағы төрт түлік малдың саны 3,2 млн басқа жетті. Жетісуда 120 ауыл шаруашылығы өнімін өндейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 айда 70 млрд теңгеге азық-түлік өнімін өңдірді, - деді Исабаев.

Әкім Жетісу облысының агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 32 млрд теңге бағытталса, оның ішінде 25,5 млрд теңгесі субсидия екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға