Жаңалықтар

Жетісуда сегізінші сынып оқушысы мұғалімді ұрып тастады

Жетісуда сегізінші сынып оқушысы мұғалімді ұрып тастады
Фото: © iStock 17.04.2023 10:25 2569

Жетісу облысында мектеп оқушысы мұғаліммен төбелесіп қалды. Бұл ақпаратты облыстық прокуратура растады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Аталған оқиға 14 сәуір күні Қаратал ауданының орталығы Үштөбе қаласындағы Фрунзе атындағы мектепте болған.

Сабақ арасындағы ұзақ үзіліс кезінде мұғалім мен оқушы арасында кикілжің туындаған. Ұстаз оқушыға ескерту жасаған, ал бұл жайт балаға ұнамаған көрінеді.

Мұғалім аурухананың көмегіне жүгінбеген, полиция қызметкерлеріне арыз жазудан бас тартқан. Ауданның прокуратурасы мектепте профилактикалық жұмыс жүргізді. Ал оқушының ата-анасы баласын басқа аудандағы мектепке ауыстыру туралы шешім қабылдады. Жауапты мекемелер оқиғаны қадағалауға алды, - деп жазылған Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, мұғаліммен жаға ұстасқан оқушы 8 сыныпта оқиды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға