Жетісуда ер адам 66 жастағы шешесіне қол көтерген
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
10.08.2023 16:20
952
Үштөбенің 48 жастағы тұрғыны өзінің өгей анасын ұрды деген күдікке ілініп, қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
66 жастағы қарт әйелдің денсаулығына зиян келтіргені медициналық сараптамалар бойынша расталды.
Күдікті азаматқа ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады полициядан.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Жыл басынан бері облыста отбасылық-тұрмыстық салада 1000-ға жуық құқық бұзушылық тіркелген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Енді жаңа туған нәрестеге есімінен бұрын ЖСН беріледі
Келесі жаңалық
Өрт сөндіруші Аяз ата балаларға қуаныш сыйлады