Жаңалықтар

Жетісуда босанған ана мен баласына тегін медициналық қобдиша берілмей келген

Жетісуда босанған ана мен баласына тегін медициналық қобдиша берілмей келген
Фото: © Pixabay.com 20.08.2024 21:05 411

Жетісу облысы Көксу ауданында прокурорлар балаларға тегін медициналық көмек беруде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.   

Ауданның медициналық ұйымынан шығарылған кезде 112 ана мен балаға бірінші қажеттілігі бар «Медициналық қобдиша» берілмеген.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша «Медициналық  қобдишалары» берілді. Кінәлі адамдар тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға