Жетісуда 70-тен астам адамды сан соқтырған қылмыстық топ анықталды

Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
10.08.2024 13:18
494
Жетісу облысында еліміздің түкпір-түкпіріндегі тұрғындарды сан соқтырған қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Күдіктілер алдау арқылы алаяқтықпен және қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша 35 ұялы телефон, 135 сим-карта, 2 пневматикалық тапанша және 3 қымбат көлік тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп, зардап шеккендер анықталуда.
Қазірдің өзінде 70 жәбірленуші анықталған. Олардың шығыны 100 миллион теңгеден асады, зардап шеккендер саны өсуде.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Бүгін тамыз айында өтетін ҰБТ басталды
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды