Жетісуда 58 мың гектардан асатын жер мемлекетке қайтарылды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
17.02.2024 11:34
788
Жетісу облысында прокурорлардың араласуымен мемлекетке құны 170 млн теңгеден асатын 58 мың гектардан астам жер қайтарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Алакөл ауданында құны 90 млн теңге болатын 43 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өткен. Ал Қаратал ауданында құны 84 млн теңгеден асатын тағы 15 мың гектар жайылымды ар.
Бұл жерлер игерілмеген және ұзақ уақыт бойы мақсатына сай пайдаланылмаған.
- Прокуратураның қадағалау актісі бойынша жер мемлекетке қайтарылды. Алдағы уақытта жер учаскелері тиімді пайдалану үшін кезекте тұрған тұлғаларға берілетін болады делінген прокуратура мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда прокурорлар құны 700 млн теңге тұратын жерді қайтарды
- Шымкенттегі Дендросаябақ орналасқан жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға