Жаңалықтар

Жетісуда 300-ден аса баланың тұсауы бір мезетте кесілді

Жетісуда 300-ден аса баланың тұсауы бір мезетте кесілді
Фото: Коллаж El.kz 16.03.2025 16:50 346

Жетісуда 300-ден аса баланың тұсауы бір мезетте кесіліп, жаңа рекорд орнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі 24kz-ке сілтеме жасап.

Рәсім Наурыз мейрамының онкүндігі аясында орындалды. Облыстың аудан-қалалары Спорт сарайындағы шараға бейнебайланыс арқылы қосылды. Кербұлақ, Көксу, Қаратал, Ескелді, Алакөл, Сарқан аудандарында 30 баладан, Ақсу ауданы мен Текелі қаласында 20 баладан, сондай-ақ Талдықорған қаласында 80-нен астам бала тәй-тәй басты.

Тұсаукесер рәсімін балалардың жолы ашық, қадамы нық болсын деген ниетпен көпке сыйлы ардагерлер, мәдениет және қоғам қайраткерлері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестік өкілдері атқарды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға