Жетісу облысында екі көпірді су шайып кетті

Жетісу облысында қалың нөсер салдарынан өзен арнасынан тасып, жаңадан салынып жатқан жолдың екі көпірін шайып кетті, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
«15 маусым күні жауын-шашынның көп түсуіне байланысты облыстық маңызы бар жол, Сарыөзек-Көктал, Шанханай ауылына кіреберіс жолдағы екі құбырлы көпірді шайып кетті. Қазіргі уақытта жол жабылды. Айналма жол бар», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өзен суы екі құбыр тәрізді көпірді шайып, жол бойында орналасқан төрт үйдің ауласына кірген. Зардап шекккендер жоқ. Төтенше жағдай департаментінен 7 адам және 1 техника, жергілікті атқарушы билік тарапынан оқиға салдарын жоюға кірісті.
Кербұлақ ауданы әкімдігінің мәліметінше айналма жол бар. Қозғалыс қалпына келтірілді.
