Жаңалықтар

Жетісу университетіне шетелдік ғалымдар келді

Жетісу университетіне шетелдік ғалымдар келді
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 16.06.2024 05:33 354

Талдықорған қаласындағы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Жапонияның, Швецияның және Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдары келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік ғалымдар бір ай бойы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану», «Қаржы және есеп» білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер, әрі практикалық сабақтар өткізеді. Философия докторы, Лунд университетінің (Швеция) қауымдастырылған профессоры Rustamjon Urinboyev екі жылдан бері Жетісу университетімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасауда.
 
Философия докторы, профессор Тимур Дадабаев (Цукуба университеті, Жапония) және философия докторы, қауымдастырылған профессор Kobil Ruziyev (Батыс Англия университеті) университеттің оқытушыларына халықаралық деректер базасына кіретін басылымдарға ғылыми мақалаларды жазу әдіснамасы, импакт-факторы бар журналдарға мақалаларды жариялау үшін оларды таңдау әдіснамасы бойынша семинар өткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға