Жаңалықтар

Жетісу тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды

Жетісу тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілер ұсталды
Фото: polisia.kz 22.04.2023 16:20 701

Жетісуда жас әйелге қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

21 сәуір полицейлерге Көктал ауылындағы жеке үйге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама түсті. Үй иесі 28 жастағы әйел, айғақтарына сәйкес маска киген екі белгісіз ер адам үйге басып кірген.

Белгілі болғандай, әйелді байлап, пышақпен қорқытып, қолма-қол ақша талап етіп, тұншықтырған. Нәтижесінде, ойлағандарын іске асыра алмай, екі қымбат телефон, гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар, ноутбук, әмиян және аулада тұрған Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен.

Шығын - 22 млн теңге.

Аудандық полиция қызметкерлері облыстық КПБ және ҰҚҚКБ жедел уәкілдерінің көмегімен күдіктілерді анықтады. Олардың бірі 23 жастағы жергілікті тұрғын, екіншісі Көксу ауданының бұрын сотталған 29 жастағы ер адамы болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды. Ұрланған заттардың барлығы заңды иесіне қайтарылды, - деді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.

ҚР ҚК 192-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға