Жаңалықтар

Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды

Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 29.07.2024 16:17 390

Жетісу полицейлері ұрланған көлікті иесіне қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

27 шілде сағат 01:50-де полицияның кезекші бөліміне белгісіз адам көп қабатты үйдің алдындағы автотұрақта тұрған Mercedes автокөлігін ұрлап кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Патрульдік полиция қызметкерлері ұрланған автокөлік бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде көлік Талдықорған – Текелі тас жолында табылып, тоқтатылды.

Ұрланған көлікті 23 жастағы жергілікті тұрғын басқарған. Күдікті оқиға орнында ұсталып, әрі қарай тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.

Ұсталған адамға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға