Жетісу облысының тұрғыны 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірді
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
07.11.2023 12:30
954
Жетісу облысының тұрғыны 40 жастағы ер адамды ұрып өлтірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 29 қазанда Алакөл ауданында болған. Бейнебақылау құрылғысына жазылған кадрлардан қызыл түсті көліктің жаяу жүргіншіге соқтығысып қала жаздағанын көруге болады. Сол себепті жанжал туындап, көлік жүргізушісі ер адамның бетінен ұрған.
Полиция дерегінше, бетінен соққы алған 40 жастағы ер адам аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылып, келесі күні қайтыс болды.
Қазір 35 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды. Қылмыскер 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда қытайлық инвесторлармен кездесу өтті