Жаңалықтар

Жетісу облысының тауларында тиктокер жоғалып кетті

Жетісу облысының тауларында тиктокер жоғалып кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 08.06.2023 12:22 790

36 жастағы алматылық Дамир Кушеев Текелі қаласының маңындағы тауларда хабар-ошарсыз жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол 7 маусым Қора шатқалындағы Бұрқан бұлақ сарқырамасына спорт велосипедімен барып, бөгеттің жанында тұрып эфирге шыққан, сол жерде жергілікті қорықшымен шай ішкен.

Байланыс үзілгеннен кейін Кушеевтің жұбайы оны табуға көмектесу туралы Төтенше жағдайлар департаментіне өтініш білдірген. Арызды Ескелді ауданының полицейлері де тіркеп, жедел іздестіру шараларына кірісті. Қазір таулы аймақта полицейлер мен ТЖД-нің қызметкерлері, кинологтар іздестіру иттерімен ер адамды іздеп жатыр, - делінген ҚР ІІМ таратқан мәліметте.

Дамир Кушеев TikTok желісінде түрлі көрікті жерлерге велосипедпен бару арқылы танымал болған.

Жоғалып кеткен ер адамның орналасқан жері туралы ақпаратыңыз болса, мына байланыс нөмірлеріне хабарласыңыздар: 8 747 558 1508, 708 252 2008, 102 немесе 112.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға