Жаңалықтар

Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып, бір адам көз жұмды

Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып, бір адам көз жұмды
Фото: © Polisia.kz 09.10.2023 14:17 869

Жетісу облысындағы тас жолда көлік аударылып кетті. Салдарынан бір адам ажал құшты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жетісу облысының Алакөл ауданында Мазда-626 көлігінің қатысуымен адам өліміне әкелген жол апаты болды. Шетелдік көлікті 22 жастағы әскери қызметкер басқарған, ол Алматы – Өскемен тас жолының 550-шақырымында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

Жүргізуші мен оның 22 жастағы жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Біраз уақыттан кейін жарақат алғандардың бірі дәрігерлердің бар күш-жігер салғанына қарамастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Облыс полицейлері көлік жүргізушілеріне Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға