Жетісу облысындағы Көкөзек каналының суы көтерілді

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
10.03.2024 17:48
797
10 наурызда Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қопар ауылы маңындағы Көкөзек каналында су деңгейінің көтерілгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға орнына дер кезінде 5 қызметкер мен 1 техника барды. Тексеріс барысында екі жердегі арна суының асып кеткені анықталды. Алайда аула аумақтарын су баспаған. Қазіргі кезде жағдай толықтай бақылауға алынды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирдің ширек финалына шықты
Келесі жаңалық
Қостанай облысында 100-ге жуық адам құтқарылды