Жаңалықтар

Жетісу облысында жол апаты бір адамның өмірін үзді

Жетісу облысында жол апаты бір адамның өмірін үзді
Фото: ІІМ баспасөз қызметі 02.07.2023 17:18 875

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, салдарынан бір әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық ПД-нің мәліметінше қайғылы оқиға 1 шілдеде Кербұлақ ауданында тіркелген. Сарыөзек-Көктал тасжолының 67-шақырымында, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскеде 25 жастағы Toyota Harrier жүргізушісі көлігін аударып алғаны белгілі болды. 

Автокөлік салонында жүргізушімен бірге үш адам болған. Оқиға орнында 30 жастағы әйел бақиға аттанды, Ал аяғы сынып және басқа да жарақат алған көлік жүргізушісі Сарыөзек ауылының ауруханасына жатқызылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға